Әлеуметтік желіде тойда тосын "тілек" айтқан ер адамның видеосы тарады. Осы жағдайдан кейін ол ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Желіде тараған кадрда ер адам музыка шариғат талаптарына сай емес екенін айтып, "ұрғашылар мен еркектер бірге отыруға болмайды" деген.
Кейінірек Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының жария айтқан сөздеріне қатысты діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция.
ІІМ өкілдері адамның қадір-қасиетін қорлайтын, әйелдерді кемсітетін, діни немесе әлеуметтік араздықты қоздыратын не қоғамдық келісімді бұзуға бағытталған кез келген жария мәлімдемеге заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетінін ескертті.