ҰҚК Қазақстан бойынша операция өткізді: жүздеген қару тәркіленді

Сағыныш Сардарова 31 нау. 2026 10:29

Жыл басынан бері ҰҚК полиция органдарымен бірлесе және прокуратураның үйлестіруімен Қазақстан өңірлерінде қарудың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша бірқатар жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Нәтижесінде 118 қару тәркіленді, оның ішінде 6 Калашников автоматы, 83 мылтық, 29 тапанша, сондай-ақ, 15 граната мен 859 оқ-дәрі бар.

"Бұл деректер бойынша жедел тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove