ҰҚК бірнеше өңірде арнайы операция өткізді: 30 қару тәркіленді

ҰҚК бірнеше өңірде арнайы операция өткізді: 30 қару тәркіленді
ҰҚК

Биыл шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Алматы, Шымкент қалаларында және еліміздің 8 өңірінде қару-жарақтың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Комитет мәліметінше, барлығы 31 қару, соның ішінде 4 автомат, 20 мылтық, 7 тапанша, 2 граната және 278 оқ-дәрі тәркіленген.

"Жедел тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деді ҰҚК баспасөз қызметі өкілі.