Үндістаннан келген студенттерді қорлаған: Семейде жасөспірім сотталды

Сағыныш Сардарова 05 нау. 2026 10:58

Семейде кәмелетке толмаған жасөспірім ұлттық алауыздықты қоздырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Абай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұлттық алауыздықты қоздырды деп айыпталған жасөспірімге қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот мәліметінше, 2025 жылы ақпанда кәмелетке толмаған Б. нәсілшіл "скинхедтер" қозғалысының көзқарасын қолдап, Telegram мессенджерінде Skinheads industries-Semey атты чат құрған.

Ол топтың әкімшісі ретінде адамдарды ұлттық белгісі бойынша кемсітетін, соның ішінде Үндістаннан келген студенттер мен олардың мәдениетін қорлайтын мәтін және аудиохабарламалар жариялаған.

Сонымен қатар, жасөспірім чат қатысушыларын өз көзқарасын қолдауға және басқа адамдарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды да осы қауымдастыққа тартуға шақырған. Жасөспірім өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірген.

Сот Б.-ға 1 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove