Грант сертификатын С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор, қалалық мәслихат депутаты М.Ә.Төлеген табыстады. Ол «Үміт» балалар үйіне қалалық мәслихат депутаты А.Қ. Есімбековамен, СД және ҒЖ жөніндегі проректор И.В.Ровняковамен бірге барды.
Гранттарды бөлу туралы шешімді университеттің Ғылыми кеңесі қабылдайды.
Марапаттау қарсаңында «Үміт» балалар үйінің педагогикалық ұжымы үздік түлекті анықтады.
Сонымен қатар, балалар үйін аралау барысында С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә.Төлеген педагогикалық қызметінің 45 жылдығына орай «Үміт» балалар үйінің директоры Марию Бейсеқанованы Абай атындағы медальмен марапаттады.
Балалар концерт қойып, өз тұрмыстары, балалар үйіндегі өзін-өзі басқару жүйесі туралы айтып берді. Кездесуден естелік ретінде тәрбиеленушілерге университет атынан сыйлықтар берілді: бейсболкалар мен ШҚУ логотипі бар блокноттар, сондай-ақ тәттілер.