Ұлытау облысында кәсіпорын директорының пара беру әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ер адам алаяқтық бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іске қатысты оң шешім қабылдату мақсатында тергеушіге ақшалай сыйақы ұсынған. Тергеу бөлімінің қызметкері күдіктінің заңсыз әрекеті туралы өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған.
"Жедел іс-шаралар барысында күдікті ақшаны беру кезінде қылмыс үстінде ұсталды. Ақша тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.