Президент Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық маңызы бар жобаларды қаржыландыру үшін, оның ішінде Ұлттық қор қаражатын пайдалану жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
– Стратегиялық маңызды жобаларды қаржыландыруға, оның ішінде Ұлттық қор қаражатын бағыттау жоспарланып отыр, – деді Мемлекет басшысы.
2026 жылдың алғашқы жеті айында Ұлттық қордан жалпы көлемі 3,31 миллиард АҚШ доллары сатылған.
Айлар бойынша көрсеткіштер мынадай:
- Қаңтар – 350 млн доллар;
- Ақпан – 400 млн доллар;
- Наурыз – 400 млн доллар;
- Сәуір – 300 млн доллар;
- Мамыр – 500 млн доллар;
- Маусым – 660 млн доллар;
- Шілде – 700 млн доллар.
Осылайша, Ұлттық қордан ең көп қаражат шілде айында сатылған. Бұл кезеңде қордан 700 миллион доллар көлемінде валюта нарығына шығарылған.
Президенттің айтуынша, аталған қаражат ел экономикасы үшін маңызды жобаларды іске асыруға бағытталмақ. Сонымен қатар билік Ұлттық қор ресурстарын пайдалану кезінде оның тиімділігі мен ұзақмерзімді тұрақтылығын сақтауға басымдық беретінін атап өтті.