Ұлттық құрылтайдың алғашқы күні: Марат Башимов азаматтық қоғамның өзекті мәселелерін атады

Dalanews 13 нау. 2025 20:23 190

Бүгін Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды. Мәжіліс депутаты Марат Башимов құрылтайдың бірінші күнін қорытындылап, пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Ұлттық құрылтай секцияларында өзекті мәселелер көтерілді.  Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаевтың өкілдік етумен өткен "Азаматтық қоғам" секциясында азаматтық қоғам институттарының мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы, осы бағытта қандай өзекті проблемалар бар, соларды шешу жолдары сынды маңызды мәселелер талқыланды. Олардың көлемі жеткілікті және бәрі бұл ретте мәселелерді сыни тұрғыда қарастырып, өз ойларын ықшамдап жеткізуге тырысты", - дейді ол.

Сондай-ақ ол осы тақырыпта өзінің сөз сөйлегенін де жеткізді.

"Мен де сөз алдым, сөйтіп Мәжілісте қоғамға қажетті заңдар қабылданып жатқанын баса атап өттім. Заң жобасының жұмысына деген көзқарас түбегейлі өзгерген, оған бұрынғыдан қарағанда әлдеқайда жауаппен қарайтын болған. Пленарлық отырыстар тікелей эфирде көрсетіліп, халық ондағы жұмыстың қалай жүріп-тұрып жатқандарын өз көздерімен көріп, қадағалай алатын болды", – деген Марат Башимов Парламент қабылдаған заңдардың іске асыру мәселесіне де баса назар аударды.

Соның ішінде адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң қабылданғанын, енді жергілікті билік осы заңның іске асуына белсенді түрде ат салысуы тиістігін заңгер нығырлай жеткізеді.  

"Қазір еңбек құлдығына, жыныстық және балаларды қанаушыларға, қайыр сұраушыларға, орган саудасымен айналысатындарға және тағы басқаларына кімдер "крышавать" ететінін барша жақсы біліп-байқап отыр", - деген ол сөз соңында осы реттегі маңызды заңның қажеттілігін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы 22 қазанда, яғни 4,5 жыл бұрын атап өткенін еске салды.

Негізінен, Ұлттық құрылтайдың 2022 жылғы отырысы Ұлытауда, 2023 жылғысы Түркістанда, 2024 жылғысы Атырауда өткен болатын.

Бұған дейін Қазақстан Президенті 14 наурызда Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысатынын хабарлаған болатынбыз


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар