Ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Сағыныш Сардарова 13 нау. 2026 13:51

Ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Бинұр Мұратұлы Жәленов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифингте орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметтен кетуіне қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, Берік Шолпанқұлов жұмыстан кету туралы өтінішті өз еркімен жазған.

Қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен жиында қазақстандық банктердің бірі арқылы 7 триллион теңгеден аса қаражат шетелге заңсыз шығарылғаны туралы мәлімдеген еді.

Ал кейінірек Ұлттық банк төрағасының сол кездегі орынбасары Берік Шолпанқұлов басылымдардың біріне берген пікірінде 7 триллион теңге туралы айтылған дерек шетелге шығарылған нақты қаражат емес, банк транзакцияларының жалпы көлемін білдіретінін айтты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove