Freedom Inside '26

Ұлттық банк төрағасы үйінде ақшаны кім ұстайтынын айтты

Ұлттық банк төрағасы үйінде ақшаны кім ұстайтынын айтты
Ulysmedia.kz

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтен отбасында бюджетті кім басқаратыны және азық-түлік қымбаттағанын өзі сезінген-сезінбегені сұралды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

"Отбасымыздың шығынын негізінен жұбайым қадағалайды. Себебі, біріншіден, ол декреттік демалыста, бос уақыты көбірек. Екіншіден, не алу керек, қайдан, қалай арзанырақ табуға болады – осының бәрін жақсы біледі", – деді Сүлейменов.

Ол бұл жағдайды қазақ қоғамына тән менталитет пен қалыптасқан дәстүрдің көрінісі деп атады.

"Меніңше, бұл – қалыпты нәрсе. Әрине, шығын бақылауда. Ештеңеге мән бермей отырған жоқпыз. Бірақ күн сайын: 'Қанша жұмсадың? Қандай сүт алдың? Майлылығы қанша?' деп сұрап отыру да дұрыс емес. Отбасылық экономикада рөл мен ресурсты осылай бөлу – орынды шешім деп санаймын", – деді Ұлттық банк басшысы.