Ұлытау облысындағы ереуіл: “Қазақмыс” жұмысшылары ортақ келісімге келді

Қаракөз Амантай 20 жел. 2024 09:39 1593

“Қазақмыс” корпорациясында бірнеше күнге созылған жұмысшылар наразылығы басшылықпен жүргізілген келіссөз нәтижесінде тоқтап, екі тарап ортақ мәмілеге келді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Компанияның мәліметінше, 19 желтоқсан сағат 20:00-де Саяқ және Жайсаң кеніштері мен Жезқазған мыс қорыту зауытының жұмысы штаттық режимге қайта оралған.

“Бұған дейін аталған кеніштер мен зауыт жұмысшылары әріптестерін қолдау мақсатында жұмыстарын тоқтатқан болатын”, – деп мәлімдеді “Қазақмыс” корпорациясы.

Екі күнге созылған наразылық нәтижесінде жұмыс беруші мен жұмысшылар еңбек жағдайын жақсарту бойынша өзара келісімге қол жеткізді.

Еске салайық, 17 желтоқсанда Ұлытауоблысында"Қазақмыс корпорациясының"("Жезқазғантүстімет") филиалы - "Оңтүстік Қазақстан" кенішінің № 65 шахтасында ереуіл болды. 250-ден астамкенші жерастына түсуден бас тартты. Олар жалақыларын көтеру және еңбек жағдайларын жақсартуды талап етті. Ал 18 желтоқсанда компанияның баспасөз қызметі аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді.

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, "2024 жылғы 17 желтоқсанда "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Жезқазғантүстімет" ӨБ құрамына кіретін Оңтүстік Жезқазған кеніші мен Жыланды кенішінің қызметкерлері ұжымдық талаптар білдірген. Оңтүстік Жезқазған кенішінде жұмысшылар жалақыны екі есеге арттыру және т. б. мәселелерін атап өтті. Қызметкерлермен "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Бас директоры және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында олар "Жезқазғанцветмет" ӨБ-дағы ең төменгі жалақы 363 000 теңгені (МЖМБ үй-жайларын жинаушы), медианалық жалақы 650 000 теңгені, ал Ұлытау облысы бойынша медианалық жалақы 404 105 теңгені, ал жалпы Қазақстан бойынша екі есе аз және 285 677 теңгені құрайтынын атап өтті".

"Қазақмыс Корпорациясы" бұған дейін 2025 жылғы қаңтардан бастап жалақының өсуін жариялаған болатын. Индекстеу 2024 жылы Ұлттық статистика бюросы ресми түрде белгілеген инфляция деңгейіне жүргізіледі. Жалақыны 8,5%-ға арттырған кезде корпорация бойынша орташа жалақы 822 000 теңгеге дейін (2024 жылы — 730 431 теңге), ал жерасты жұмысшылары үшін — 1 303 000 теңгеге дейін (2024 жылы — 1 202 000 теңге) өседі", делінген компания хабарламасында.

"Қазақмыс корпорациясы" 2020 жылдан бастап жыл сайын жалақыны көтеріп келеді. Осы кезеңде жалақының орташа деңгейі 151%-ға – 2020 жылғы 326 196 теңгеден 2025 жылға арналған ағымдағы болжамдарға дейін көтерілді. Бұл 2,5 есеге өсуге сәйкес келеді.

Компания жалақының одан әрі күрт өсуі компания шахталарының рентабельділігіне қауіп төндіруі мүмкін екенін нақтылайды. Жалақыны көтеруден басқа, 2025 жылдан бастап 2025-2029 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шарт күшіне енеді. Шарт шеңберінде:

  • материалдық көмек пен өтемақы мөлшерін ұлғайту;
  • даму ерекшеліктері бар балалардың ата-аналарына қосымша жеңілдіктер;
  • балалар демалысы бағдарламаларын кеңейту;
  • барлық қызметкерлерді ерікті медициналық сақтандырумен қамту.

Компания өз жұмыскерлері үшін еңбекті жақсартудан басқа, Сәтбаев пен Жезқазған қалаларына қомақты инвестициялар жүргізуде, осылайша 2023-2024 жылдар аралығында өңірдің 10-нан астам объектісіне 30 млрд теңгеден астам инвестиция салынды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар