Ұлытау облысында «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамыз деген алаяқтар 16 млн теңге иемденген

Ақтоты Жапатова 07 ақп. 2026 14:30

Ұлытау облысында азаматтарды «Қазақмыс» корпорациясына жұмысқа орналастырамын деп алдаған тұлғаларға қатысты 9 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның алтауы сотқа жолданған, деп хабарлайды Dalanews.kz 

Тергеу материалдарына сәйкес, күдіктілер тұрғындардың сеніміне кіріп, жалған уәделер арқылы алдын ала ақша алған. Нәтижесінде жәбірленушілерге жалпы сомасы 16 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Алаяқтар өзін жұмысқа қабылдауға ықпал ететін тұлғалар ретінде таныстырып, азаматтарға «Қазақмыс» корпорациясына орналастырып береміз деген желеумен қаржы талап еткен. Алайда уәделер орындалмай, жәбірленушілер алданған.

Ұлытау облысы Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырып, кез келген ұйымға жұмысқа орналасу тек ресми түрде, мекеменің кадр қызметі арқылы жүзеге асатынын ескертеді.

Құқық қорғау органдары күмәнді ұсыныстарға сенбеуге, жеке қаражатты бөгде тұлғаларға бермеуге кеңес береді. Алаяқтық белгілеріне тап болған жағдайда азаматтарға дереу полицияға жүгіну ұсынылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove