Freedom Inside '26

Ұлыбританияда Абай мұраларының көрмесі өтеді

Ұлыбританияда Абай мұраларының көрмесі өтеді
Кембридж университетінің «Fitzwilliam» музейінде «Ұлы дала алтыны» көрмесі өтеді. Осы көрменің бір бөлігіне ұлы Абайдың мұралары қойылады. 

Бұл туралы ОҚК-да өткен брифингіде ШҚО әкімі Даниал Ахметов айтты. 

"Мемлекет басшысының "Абайдың 175 жылдығын мерекелеу туралы" Жарлығын жүзеге асыру үшін арнайы тұжырымдама және аймақтық іс-шаралар жоспары әзірленді. Ұлы ұстаздың тойын ойдағыдай өткізу жөнінде жұмыс комиссиясы құрылды. Комиссия құрамына әртүрлі қызмет саласының өкілдері – тарихшылар мен әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері мен журналистер кірді», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Әкімнің айтуынша, кешенді жоспарға кірген іс-шаралардың басты мақсаты – Абайдың мұрасын дәріптеу, оның шығармашылық ойларын жан-жақты ашу және мұны әлемге паш ету. 


«Абай жылы аясында бас-аяғы 560 шара өткіземіз. Бұдан бөлек келесі жылы Кембридж университетінің "Fitzwilliam" музейінде ауқымды "Ұлы дала алтыны" атты көрмесін ұйымдастырамыз.

Ол көрменің бір бөлігі – Абайдың мұрасы мен шығармаларына арналмақ. Көрме күндері келесі жылдың маусым айынан бастап тамызға дейін созылады. Осылайша ағылшындар мен музей қонақтары Ұлы даланың тарихымен танысады», - деді Ахметов.