Ұлан ауданы әкімі Ренат Құрмамбаев құс еті өндірісін ұлғайту мақсатында жылына 60 мың тонна ет өндіретін кәсіпорының құрылыс басталғанын айтқан болатын. Құны 21 млрд теңгені құрайтын жоба «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асып жатқанын айта кетуіміз керек. Өткен жылы жобаға қатысты алғашқы жұмыстар қолға алынған болатын.
– Өскемен құс фабрикасы 45 жылдан бері біздің ауданның аумағында табысты жұмыс істеп келеді. Кәсіпорын бройлер өндірісін кеңейтіп құс етін өндіруді жылына 29 мың тоннаға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Алдағы уақытта құс фабрикасы балапан шығарудан бастап ет өнімдерін дайындауға дейінгі өндірістік тізбекті іске қосатын болады. Кәсіпорын құрылысы 2022 жылы толықтай аяқталады, – деді аудан әкімі.
Әкімнің айтуынша алдағы жылдың наурыз айынан бастап құс фабрикасы арнайы инкубаторларда жұмыртқа бастыру ісіне кіріспекші. Ал сәуірде алғашқы балапандарды алуды көздеп отыр. Кәсіпорын 2023 жылы өзінің өндірістік қуатына шығып, жыл сайын 60 мың тонна құс етін өндіреді дер жоспарлануда. Қазірдің өзінде кәсіпорында 600 адам жұмыс істеуде. Құс фабрикасының құрылысы толықтай аяқталғанда тағы 700 адам жұмысқа қабылданатын болады.
Ұлан ауданындағы екінші ірі жоба «Агрокомплекс Донское» серіктестігінің жылыжай кешені. Бір жарым гектар аумақты алатын жылыжайды салуға 1,3 млрд теңге қарастырылған. 2023 жылы жылыжай кешенінің жұмысы аяқталғанда 50 адамаға тұрақты жұмыс орыны пайда болады.