Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды

Сағыныш Сардарова 08 сәу. 2025 10:28 733

Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды. Бұл қызметке бұрын Түрікменстанда елші болған Виктор Майко кірісті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Виктор Анатольевич Майко Украина Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды", - деп жазылған жарлықта.

Украина елшісі лауазымы 2022 жылғы қазаннан бері бос тұрған еді. Бұған дейін бұрынғы елші Петр Врублевский қызметінен кеткен болатын. 

Виктор Майко 1960 жылы Днепропетровск қаласында дүниеге келген. Киевтегі Тарас Шевченко атындағы университетті журналистика мамандығы бойынша бітірген.

Оқудан кейін журналист, Ұлыбританиядағы Украина елшілігінің мүшесі, Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары болып жұмыс істеген.

2005-2010 жылдары Украина Республикасының Түрікменстандағы елшісі қызметін атқарған.

2010-2014 жылдары Украина СІМ орынбасары болған.

2014-2020 жылдары Украина СІМ кеңесшісі болған.

2020 жылғы желтоқсанда Украина Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар