Әлемге әйгілі фотодағы ресейлік қазақ Тасболат Ибрашев Украинадағы соғыста қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ибрашев 3 ақпанда Украинадағы соғыста қаза тапты. Бұл туралы журналист Виктор Шацких хабарлады.
Танымал сурет 2008 жылдың тамызында түсірілген, онда қарулы сарбаз Гори қаласы маңында грузин әскери колоннасының алдында тұрған сәті бейнеленген. Алғашында оны бурятиялық әскери қызметкер деп болжаған, бірақ 2019 жылы бұл адамның Тасболат Ибрашев екені анықталды. Ол кезде Ресейдің 58-армиясында келісімшарт бойынша қызмет еткен.
Тасболат Ибрашев туралы не белгілі?
Тасболат Ибрашев 1984 жылы 16 қаңтарда Атырау облысы, Аққыстау ауылында дүниеге келген. 1986 жылы оның отбасы Астраханға қоныс аударды.
2008 жылғы Грузиядағы соғыстан кейін Қазақстанда оның есімі жиі аталды. 2020 жылдың қаңтарында Ибрашев Атырауға келіп, жергілікті университетте студенттермен кездесу өткізген.
Украинадағы соғысқа қалай қатысты?
Украинадағы соғыс басталғанға дейін Ибрашев Астраханда тұрып, еңбек етті. 2023 жылдың қыркүйегінде ол өз еркімен Ресей армиясымен келісімшартқа отырып, Украинаға қарсы соғысқа аттанды.
3 ақпанда ол ұрыс алаңында қаза тапты.