Ресей Украинамен бейбітшілікке қол жеткізуге ұмтылуда, алайда уақытша бітімге келіспейді. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz
«Біз бейбітшілікті қалаймыз. Бірақ Украина кідіріс алып, соғысты ары қарай жалғастыруға дайындалып, күш алуын қаламаймыз. Ол үшін уақытша бітім қажет емес», – деді Песков. Ол Киевтің Рождествоға орай бітім жариялау жөніндегі ұсынысына Мәскеудің көзқарасы қандай деген сұраққа осылай жауап берді.
«Қазір мәселе президент Трамп айтқандай, мәмілеге келеміз бе, әлде келмейміз бе – соған тіреліп тұр… Егер украин тарапында нақты мәмілеге келудің орнына бір сәттік әрі қысқа шешімдерді ұсыну ниеті басым бола бастаса, онда біз мұндай процеске қатысуға дайын емес екеніміз анық», – деп атап өтті Кремль өкілі.
