Ғарыш кеңістігінде ғаламшарларды жан-жақты зерттеген ғалымдар Күн жүйесінде өзен мен көлдер Жер мен Титанда ғана қалыптасқанын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп отыр. Зерттеушілер көлдер мен теңіздер Титанның беткі қабатының температурасы – 180 градус болғаннан кейін пайда болғанын алға тартуда. Титандағы көлдер сұйық метан мен этаннан тұрады. Планетологтар бұл жаңалықты Сатурнды айналып, бақылап жүрген Cassini аппаратының көмегімен ашқан. Титандағы көлдердің ұзындығы жүздеген шақырымға, ал тереңдігі жүздеген метрге дейін жетуі мүмкін. Олар жершарындағыдай көптеген өзендермен толығып отырады.