Тимур Сүлейменов 1,7 миллиард теңге сыйақыға қатысты жауап бермей, үнсіз отырып қалды

Көркем Алдабергенова 19 қар. 2025 13:17

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов 1,7 миллиард теңге сыйақыға қатысты жауап бермей, үнсіз отырып қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2024 жылы сіз бастаған топ-менеджерлер және директорлар кеңесі өздеріне 1,7 миллиард теңге сыйақы жаздырған деген ақпарат тарады. Дәл сол жылы Ұлттық банк 355 миллиард теңгеге шығынға батып жатты.

"Осындай жағдайда миллиардтаған премия жаздырудың қажеті қанша болды?" - деп сұрады журналист. 

Алайда брифинг модераторы бұл тақырыпқа қатысы жоқ сұрақ деп, журналистің сөзін бөліп тастады. 

Тимур Сүлейменов те сұраққа жауап бермей, үнсіз отырып қалды. 

"Бүгін халықтың әл-ауқаты талқыланып жатыр. Яғни халықтың салығынан үкімет мүшелерінің айлығын, тауып отырған табысын білуге міндетті. Сондықтан Ұлттық банк төрағасы азаматтық танытып, жауап береді деп күтемін", - деді журналист. 

Алайда Сүлейменов бұл жолы да үнсіз қалды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар