Түсіңде жылан көрсең не болады?

Ақтоты Жапатова 08 жел. 2025 07:00

Түс көру – адам баласына тылсым дүние ретінде көрінетін ерекше құбылыс. Қазақ халқында көрген түсті жорыту ерте заманнан жалғасқан дәстүр. Адам қандай да бір түс көрсе, қариялар оны жақсылыққа жоруға тырысып, жамандық нышаны байқалса, алдын алуға кеңес берген. Ендеше, түсіңде жылан көру нені білдіреді? Толығырақ Dalanews.kz материалында.

Қазақ халқы жыланды ежелден-ақ улы, заһарлы, қауіпті жәндік ретінде таныған. «Жылан шаққан ала жіптен аттамас», «Жыланды үш кессе де, кесірткелік әлі бар» секілді мақал-мәтелдер де оның қауіптілігін меңзейді.

Дегенмен, түс жоруда жылан кей жағдайда жақсылықтың да, жамандықтың да нышаны болып жорылады. Әлемдік түс жорулар бойынша жылан көрудің мағынасын ұсынамыз.

Ванга түс жоруы бойынша

  • Жорғалап жүрген жылан – жасырын жау, екіжүзді адам.

  • Өте үлкен жылан – денсаулыққа қауіп, аурудың өршуі.

  • Жыландардың көп болуы – айналаңызда көре алмайтын адамдардың көптігі.

  • Жылан мойыннан қысып жатса – жақыныңызға қауіп төніп тұр.

Миллер түс жоруы бойынша

Миллер жыланды көбіне қорқыныш пен қауіптің белгісі ретінде түсіндіреді.

  • Жыланның шабуылы – жақын адамыңыздың өтірігі мен опасыздығы.

  • Қара жылан – жағдайдың қиындауы.

  • Ақ жылан – жақсы хабар, сәттілік.

  • Жыланды өлтіру – жауды жеңу, қиындықтан шығу.

Фрейд түс жоруы бойынша

Фрейд жыланды сексуалдық энергияның символы деп қарастырады.

  • Ер адам үшін – еркектік күштің белгісі.

  • Әйел адам үшін – романтикалық салада өзгеріс, жаңа сезімдерге дайындық.

  • Жылан басқа адамға шабуыл жасаса – сол адамға деген жасырын симпатия.

Лофф түс жоруында

Лофф жыланды адамның ішкі қақтығысы мен өзіне опасыздық жасауы ретінде түсіндіреді.

  • Түсінде жылан көру – адамның өз принциптеріне қарсы әрекет етуі.

  • Жылан үйде жүрсе – жақын адамнан жасырын соққы.

  • Жылан қолда болса – қиындықтан абыроймен шығу.

Нострадамус түс жоруы

Нострадамус жыланды қауіптің алдын ала ескертуі деп есептеген.

  • Шабуылдаушы жылан – нақты жау немесе шығын.

  • Тек қарап тұрған жылан – жақсы мүмкіндік, бірақ оны жіберіп алу қаупі.

  • Жыланның үйге кіруі – дұшпанның әрекет бастауы.

Исламдық түс жору

Исламдық түс жоруда жылан – ашық немесе жасырын жаудың белгісі.

  • Жорғалап жүрген жылан – адамның өз ішкі агрессиясының белгісі.

  • Жылан терісін ауыстырса – жаңару, өмірдегі үлкен өзгеріс алдында тұру.

  • Үйге кірген жылан – жақыннан жау.

  • Жыланды өлтіру – дұшпанды жеңу.

  • Өлі жылан – Алланың қорғауы.

  • Жыланды қолға ұстап тұру – жаудың әлсіздігі, зиян келтіре алмауы.

Түсінде жылан көру – әрқашан жамандықты білдірмейді. Оның мағынасы жыланның түсі, әрекеті, түс көрген адамның жағдайы, сезіміне байланысты өзгереді. Жалпы алғанда, жылан жасырын жау, ішкі қорқыныш, денсаулық мәселесі, құпия ой, жаңару немесе мүмкіндіктің белгісі болып саналады. Ең бастысы – қандай түс көрсеңіз де, оны жақсылыққа жорып, үрейге берілмеу.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар