Туризм министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты қазақстандықтарға мәлімдеме жасады

Ақтоты Жапатова 14 мау. 2025 16:35

ҚР Туризм және спорт министрлігі Таяу Шығыстағы шиеленіскен жағдайға байланысты қазақстандықтарға мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Dalanews.kz

ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты хабарламасына сәйкес, Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан аумағында, әуе кеңістігінде және оған жақын аймақтарда ұшуға толық тыйым салынған. Бұл шектеу арнайы бұйрық шыққанға дейін күшінде болады. Аталған ведомствоның нұсқауы отандық әуе тасымалдаушылардың барлық тұрақты және тұрақсыз жолаушылар, жүк, сондай-ақ техникалық рейстеріне қатысты.

"Осыған байланысты туристерден жағдайды жіті қадағалап, сапарларын, әсіресе БАӘ мен Парсы шығанағы елдеріне баруды мұқият жоспарлауды сұраймыз. Аталған өңірдегі ахуал өзгерген жағдайда, Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің авиациялық қауіпсіздік департаменті қосымша ақпарат ұсынады. ҚР Туризм және спорт министрлігі жағдайды жіті бақылауда ұстап, жауапты мемлекеттік органдар, елшіліктер және туроператорлармен тұрақты байланысып отыр. Қажет болған жағдайда Министрлік Туристік Қамқормен және әуекомпаниялармен бірлесіп туристерді қайтаруды қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 13 маусымға қараған түні Израиль Иранға қарсы ауқымды әуе операциясын бастады. Тегеран маңындағы кемінде алты әскери нысанға соққы жасалды.

Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына Тыл қолбасшылығының нұсқауларын (https://www.oref.org.il/ru) сақтауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды.

Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлері:

Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің байланыс нөмірлері:

+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
+7 700 111 31 96 (WhatsApp)


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар