«Құттықтап қойсаңыздар болады, бастық өзінің қол сағатын сыйға тартты. Тәке раxмет, Таразша отдуши братан, сіздің жолыңызды берсін ин ша Аллаx! Сағаттын бағасын айтпай-ақ қояйын, бәрібір сенбейсіздер! Таразда 3 бөлмелі үйдің ақшасы», – деп мақтанды әзілкеш.
Е, әнші әртістер бір-біріне құны 3 бөлмелі пәтердің құнына тең келетін сағатта қиналмай сыйласа, олар сол бір ақшаны жаны қиналып тауып жатыр дейсіз ба? Жаны қиналып ақша таппаған бір байдың тойын басқарып, ән айтып қиналмай миллиондаған ақшаны ала салады. Содан бір-біріне қымбат затты сыйлай салады. Айналып келгенде бәрі сол елдің ақшасы.
Ал желідегі халық болса екіге жарылып қызыл кеңірдек болып жатыр. Бірі Арманды жаңа сағатымен құттықтаса, екіншілері «мақтаншақ» деп сөгіп жатыр. Ал қазақ қоғамын осыншама тойшыл, сауықшыл қылған билікке қатысты бір сын айтқан адамды байқамадық.
«Сол ақшаны балалар үйіне берсе», «Сол ақшаны жағдайы төмендерге берсе, шіркін, жағдайы жақсарып қалар еді», «Құтты болсын, демек еңбегіңді бағалаған ғой», «Құтты болсын, сіз де осындай бастық болыңыз», «3 бөлмелі пәтер 14-15 миллион тұрады», – деп жазды желідегілер.