Белгілі болғандай, ХҚКО басшылығы жер учаскілерінің күні бұрын бекітілген шекарасын заңсыз жылжыту бойынша күдікке ілінген.
Осыған байланысты сот алды тергеуге кіріскен ҰҚК орталыққа күтпеген жерден басып кіріп, басшының үстінен түскенді көздесе керек. Алайда операция әу бастан кедергіге ұшырайды.
Видеода турникетке тіреліп қалған қарулы жасақты байқауға болады. Әрі қарай есікті талқандап, кабинетке кірген қауіпсіздік қызметкерлері басшының орнын сипап қалады.
Әйткенмен құр қол қайтқанды жөн көрмеген ҰҚК кабинеттегі жер кадастрының құжаттарын өздерімен бірге ала кеткен.
[video width="480" height="848" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2023/09/383833515_1301954793778810_7815162117965332585_n.mp4"][/video]
1 қыркүйекте орын алған оқиғаға байланысты ҰҚК тарапынан әзір ешбір ақпарат берілген жоқ. Ал олардың ХҚКО-ға басып кірген сәті әлемжеліде қызу талқылануда.
"Халықтың дүниесін талқандамай, тыныш кірсе болмады ма?", - дейді қауіпсіздік қызметінің жұмысына көңілі толмаған желідегі қауым.