Түрмеден қашқан педофил үшінші сынып оқушысын зорлаған

Асель Қайратқызы 22 қаз. 2025 11:08

Ташкент облысында бұрын педофилия үшін сотталған 31 жастағы ер адамның колониядан қашып кетуіне жол берген қызметкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ташкент облысы Ахангаран ауданындағы колониядан педофилия үшін сотталған ер адам қашып шыққан. Бостандыққа шыға сала ол 3 сынып оқушысын зорлаған. Қазір ер адам қамауға алынды, қылмыс пен оның қашу фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Жәбірленген қыз бала «Инсон» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мамандарының бақылауында, оған психологиялық көмек көрсетілуде. Ішкі істер министрлігіне қарасты Жазаларды орындау департаментінің орталық тергеу изоляторының режим бөлімі инспекторлары мен басқа да қатысы бар адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, қазан айында Наманган қаласында жеті жастағы қыз баланың зорланғаны белгілі болды. Өзбекстан Олий Мәжілісінің депутаты Дилноза Азизова балаларға жасалатын жыныстық зорлық-зомбылық сипаттағы қылмыстар үшін жазаны қатаңдату және педофилдерге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын заңда бекіту туралы бастама көтерді.  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар