Шымкентте түрмеде экстремизмді насихаттап, жиын өткізіп жүрген сотталушы жазаланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Тағылған айып:
Сотталушы А.-ға ҚК-нің 259-бабы 1-бөлігімен /экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында азғырып көндіру/ айып тағылған.
Істі қарау нәтижесімен анықталғаны:
А. 2025 жылдың сәуір мен мамыр айы аралығында Шымкент қаласы бойынша департаменті No54 түзеу мекемесінің аумағында жасырын жиындар жасап, «Х...» экстремистік ұйымының көзқарастарына жататын радикалды жазбаларды оқып беріп, жиынға қатысушыларды экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында азғырып көндірген.
Сотталушының кінәсі дәлелденеді:
Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді.
Тараптардың ұстанымы:
Прокурор сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушы кінәсын мойындап, өзіне жеңіл жаза сұрады.
Жаза бөлігінде:
Сот, жаза тағайындау барысында сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде асырауында 5 жасөспірім балалары болуын, ал ауырлататын мән-жайларға қылмыстардың қайталануын жасағанын жатқызған.
Сот, А.-ны ҚК-нің 259-бабы 1-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танып, ҚК-нің 60-бабы 1,4-бөліктерін қолданып түпкілікті 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.