Түркістандық ескекшілері ел чемпионатында топ жарды

Dalanews 31 там. 2023 05:24 746

Алматы қаласында 23 жасқа дейінгі ескек есушілер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Байдарка мен каноэде есуден сынға түскен спортшылар өте тартысты сайыстар өткізді.

Еліміздің барлық өңірінен іріктеліп келген су спорты шеберлері арасында Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері түрлі бағдарламалар бойынша өздерінің мықтылықтарын көрсетіп, 10 алтын, 11 күміс және 18 қола медаль жеңіп алды.

Дильфузахон Ергашханова жарыс барысында қарсыластарын қапы қалдырып, Қазақстанның 6 дүркін жеңімпазы атанды. Ол жекелей каноэде есуден С-1 сайысы бойынша 1000, 500, 200, 5000 метр қашықтықта алтыннан алқа тақса, жұптық сында  (С-2; 500 микс және С-2; 1000 метр) қашықтықта да ешкімге дес бермеді.

Карина Нұрғалиева мен Сұлтан Шарапиев жекелей байдарка есуде алтын жүлдеге қол жеткізсе, жұптық сында Альбина Халикованың да мерейі үстем болып, ел чемпионы атанды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар