Freedom Inside '26

Түркістандағы Яссауи кесенесіне Кечиореннің мэрі келді

Түркістандағы Яссауи кесенесіне Кечиореннің мэрі келді
Түркия Республикасы Кечиорен муниципалитетінің мэрі Мустафа Ак бастаған делегация «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келіп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасап, баба рухына тағзым етті.

Келген меймандарға қорық-музей экскурсоводттары К.Әсетова мен А.Жанысбаева түрік тілінде экскурсия жүргізді.Кечиорен муниципалитетінің мэрі Мустафа Ак музей экспозициясымен танысып, онда көрсетілген әрбір жәдігерге ерекше қызығушылық танытты.