Түркістандағы Төтенше жағдайлар департаментіне су жаңа техника табысталды

Dalanews 21 жел. 2018 08:44 779

Түркістан қаласында облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне су жаңа 20 техника табысталды.

Олардың ішінде өрт сөндіру және оқиға орнына жедел жететін жеңіл көліктер мен арнайы автомашиналар бар. Жеңіл көліктер облыстағы шалғай ауылдардағы өрт сөндіру бөлімдеріне берілді.

Ал қалған алып техникалар ендігі жерде облыс орталығымен халқы тығыз орналасқан аймақтардағы қауіпсіздікті күзететін болады.

Бұл техникаларды сатып алу үшін облыс бюджетінен 380 млн теңге қаржы бөлінген. Статистикаға сүйенсек, бүгінде облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде 139 өрт сөндіру көлігі болса, соның 75-інің тозығы жеткен. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін жыл сайын облыстық қазынадан қаржы қарастырылып, қажетті техникалар сатып алынуда.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Сонымен қатар жиында облыстық төтенше жағдайлар қызметінің қысқы маусымға дайындығы пысықталды.

Нұрғали Жүнісов, облыстық ТЖД басшысы:

- Біздің материалдық-техникалық базамызды нығайтып, жұмыстың жақсаруына жаңа мүмкіндіктер ашуда. Атқарылып жатқан ізгі іс-шаралар Төтенше жағдайлар комитеті тарапынан да өз оң бағасын алып, басқа облыстарға үлгі ретінде ұсынылуда. Осының барлығы Түркістан облысы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар