Freedom Inside '26

Түркістанда қызметтік міндетін атқару кезінде полиция капитаны қаза тапты

Түркістанда қызметтік міндетін атқару кезінде полиция капитаны қаза тапты
ІІМ

2 шілдеде Түркістан қаласында қызметтік міндетін атқару барысында Түркістан қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Қонысбеков қаза тапты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес патрульдік полиция экипажы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, өзге жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірген жеңіл көлік жүргізушісін тоқтатуға шыққан.

Осы кезде Саттарханов даңғылы мен Тараз көшесі қиылысында патрульдік полицияның Chevrolet Cobalt қызметтік көлігі жол апатына ұшыраған. Ауыр жарақат алған Бауыржан Қонысбеков оқиға орнында көз жұмған.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу және жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесіне сәйкес заң аясында процессуалдық шешім қабылданады.

Ішкі істер министрлігі және Түркістан облысы Полиция департаменті марқұмның туған-туыстарына, жақындарына көңіл айтты.