Түркістанда Жеңістің 80 жылдығына орай конференция өтті

Ақтоты Жапатова 29 сәу. 2025 09:53 190

Түркістанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мерейтойы аясында «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы — Қазақстанның оңтүстігінің тарихында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті,– деп хабарлайды Dalanews.kz
 
Конференция Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына қарасты Түркістан облысының мемлекеттік архиві және Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві мекемелерінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы Достық үйінде өтті.
 
Шараға Өзбекстан, Ресей елдері мен Алматы, Шымкент, Қарағанды, Орал, Түркістан қалаларынан тарих және педагогика ғылымы саласының өкілдері, архив қызметкерлері, жоғары оқу орнының студенттері мектеп оқушылары оффлайн және онлайн форматта қатысты.
 
 
Конференцияда «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа мұра, тарихқа тағзым» атты архивтік құжаттар көрмесі ұсынылды. Одан бөлек, «Оңтүстік Қазақстан 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты құжаттар жинағының тұсаукесері өтіп, көпшілік қауымға таныстырылды.
 
Аталған іс-шара барысында кездесуде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесінің 80 жылдығын мерекелеудің маңыздылығы мен оңтүстік өңірінің Ұлы Жеңіске жасаған ауқымды үлестері баяндалды.
 
Одан бөлек, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі, қаһармандығы мен қайсарлығы баяндалды. Сондай-ақ, конференцияда Ұлы Отан соғысы туралы танымды тереңдету, жергілікті тарихтың жаңа беттерін ашу, тарихи әділеттілік пен патриоттық тәрбие жөнінде баяндамалар оқылып, мәліметтер берілді.
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар