2025-2026 оқу жылындағы қорытынды емтихан мерзімі бекітілді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен 2025-2026 оқу жылындағы қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілді. 9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.
11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2 маусым мен 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, бірі ауызша форматта өткізіледі. Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестатты тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 17-18 маусым аралығында өтеді.
Аттестат тапсыру іс-шарасы мектеп басшысының бұйрығы негізінде, ата-аналар комитетімен келісу арқылы мектеп ғимаратында өткізіледі.