Тауар өндірушілерді отандық жеміс пен жүзімнің элиталық көшетімен қамтамасыз ету мақсатында 7 көшет өндіретін элиталық шаруашылық ұйымдастырылған.
Айта кетсек, бұдан бұрын Түркістан облысына арнайы келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керектігін және негізгі міндет - еңбек өнімділігі мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту туралы тапсырма бергенін айтып, агроөнеркәсіп кешенінде аталған тапсырмаға қол жеткізу үшін саланы әртараптандыру, оның ішінде мал шаруашылығын дамытудың алатын орны ерекше екенін атап өткен.
Бұл ретте, Ө.Шөкеевке «Түркістан облысының ет кластерін» одан әрі дамыту мақсатында таяуда жұмысын бастайтын Сайрам ауданындағы «Nurym Group» ЖШС-і көрсетілген еді.
Ауданның Манкент ауылынан ашылатын мал бордақылау алаңы «Қайып ата» ЖШС-нің еншілес ұйымы болып табылады.
Негізгі бағыты - 10 000 бас ірі қара малдарды бордақылау алаңында семірту, сонымен қатар, құрама жем цехы мен мал сою алаңымен қамту. Жобаның құны 3,456 млрд тенге. Қаржыландыру көзі - 2,368 млрд. теңге жеке қаржысы, 1 088 млрд тг несиелік қаржы. Болашақта 80 адамды жұмыспен қамтуды көздеп отырған серіктестік жылына 5 мың тонна ет өндіретін болады.