Оның 18-і пара алу дерегімен жауапкершілікке тартылса, 4-еуі алаяқтыққа жол берген.
Дегенмен, соңғы жылдары жергілікі атқарушы орган қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері төмендеп келеді. Мәселен, 2016 жылы 44 оқиға тіркелсе, 2017 жылы 40 оқиға тіркелген.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың басым бөлігі Сарыағаш, Сайрам және бұрынғы Мақтаарал ауданына тиесілі.
Аудан әкімі аппараты қызметкерлеріне қатысты 7 оқиға тіркелсе, әкімдердің үстінен сыбайлас жемқорлыққа байланысты 6 дерек анықталған.
Атқарылған жұмыстарға қарамастан әсіресе, білім саласында жемқорлық деректері жиі кездесіп жатыр. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары А.Садықованың айтуынша, өңірде коррупцияның алдын алу үшін басқарма тарапынан бірқатар қызметтерді цифрландыру шаралары қолға алынған. Мәселен, мектепке дейінгі білім беру ұяларына жолдама беру және кезекке қою автоматтандырылып, 12 мыңнан астам бала балабақшаға орналасқан. Яғни, адами фактор азайып, өтініштер электронды түрде реттелген. 902 орта мектеп mektep.sitcen.kz жүйесіне қосылып, оқушылар осы арқылы мектепке қабылданып жатыр
Өз кезегінде өңір басшысы Ж.Түймебаев қарамағындағы қызметкерлерге қарата елге шынайы отаншылдық сезіммен адал қызмет ету керектігін әрдайым айтып отырады.
«Мемлекеттік мекемелер ашық әрі елге жақын болып, сапалы қызмет көрсетсін. Сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген әрі осы індетке қарсы тиісті дәрежеде қадағалау жүргізбеген лауазымды қызметкерлердің мәселесі қатаң қаралатын болады» дейді ол.