Түркістан өңірі «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыруда көш бастап келеді

Dalanews 10 жел. 2018 08:43 854

Айталық былтыры жылы өңірде 700-ге жуық жас маман ауылдық жерлерге барып, жұмысқа орналасқан.

Ал биылғы жылы қызметке кіріскен 863 жас маманның 314-і баспаналы болыпты. Кентау ауданында да осы жоба аясында жұмысқа тұрып, тіршілігін түзеген жастар аз емес.

Сонымен қатар аудандағы жастар орталығы да жастарға бағыт-бағдар беріп отырады. Байалдыр ауылдық округінің мәдениет үйі меңгерушісі Гүлнұр Дүйсенбиева ауыл балаларына сахнада өнер көрсетудің қыр-сырын үйретеді екен. Жас маман Отырар ауданының тумасы. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін актерлік өнер мамандығы бойынша бітірген.

Жолдасы екеуі «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен осында келіп жұмысқа орналасыпты. Қазір екі баланың анасы өз жұмысына дән риза.

- Құдайға шүкір, баспанам бар, жұмысым бар. Ауылдағы жас бүлдіршіндерге сабақ беремін. Өзіме осы жұмысым ұнайды. Осы бағдарламаның шыққанына үлкен рақмет айтамын. Жастарға айтарым, қолдарына дипломдарын алса, мен сияқты ауылға келіп жұмыс істесін, мен сияқты баспаналы болсын, – дейді ол.

Бүгінде Кентау қалалық Жастар орталығы жастардың жиі бас қосатын орнына айналған. Мұнда Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жастарға кеңінен насихаттау мақсатында «электронды үкімет» жүйесі енгізілген. Жастар өздеріне қажетті барлық ақпаратты осы жерден келіп алады.  Жастар орталығы ашылғалы бері қажетті құжаттар, мекенжай анықтамаларының бәрін осы жерден тез алуға болады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар