Түркістан облысы Жетісай ауданында көші-қон заңнамасын бұзудың 181 дерегі анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жетісай ауданының прокуратурасы аудан аумағында көші-қон заңнамасы сақталуына талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде шетел азаматтарының Қазақстан аумағында тіркеусіз жүруі және заңсыз шетелдік жұмыс күшін тарту дерегі анықталған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзған 181 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекет кірісіне 2,8 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
Прокуратура заң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік барын ескертті.