Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды

Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды
ІІМ

Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ол - бес жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген 44 жастағы шетел азаматы. Ер адам Мақтаарал ауданында көші-қон заңнамасы сақталуын тексеру барысында анықталған.

Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ол жүрген жерінен ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

"Тексеріс барысында шетел азаматы бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталғаны және 2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүргені анықталды. Қазір ол қамауда. Сонымен қатар, "Мигрант" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысы аумағында заңсыз жұмыс істеген 26 шетел азаматы анықталды", - деді ІІМ өкілдері.