Түркістан облысында ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды

Түркістан облысында ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды
ІІМ

Түркістан облысында 5 млн теңге бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында ақша бопсалады деген күдікпен Сарыағаш ауданының 38 жастағы тұрғынын ұстады.

Алдын ала мәлімет бойынша ер адам Шымкент қаласының тұрғынын ар-намысына нұқсан келтіретін мәліметті таратамын деп қорқытып, одан 5 миллион теңге талап еткен. Тінту барысында күдіктіден телефон мен 5 миллион теңге көлеміндегі ақша табылып, тәркіленді.

"Ер адам бұған дейін ұрлық пен есірткі сақтау деректері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.