Түркістан облысында депутат Қытай азаматын зорлады деген күдікке ілінді - БАҚ

Түркістан облысында депутат Қытай азаматын зорлады деген күдікке ілінді - БАҚ
Ulysmedia.kz

Түркістан облысында Қытай азаматына қатысты жыныстық зорлық дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Әлеуметтік желіде күдікті ретінде Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты Ерғали Аманбаевтың аты аталып жүр, деп хабарлайды dalanews.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеп.

Желіде тараған мәліметке сүйенсек, "Алматы тұрғыны Қытайдан келген инвесторларды Байжансай ауылына алып барған. Сол кезде депутат қонақтарды қарсы алып, 34 жастағы Қытай азаматын Lexus көлігіне отырғызып, елсіз жерге апарып, оған күш көрсеткен" деген ақпарат жарияланған.

Түркістан облыстық Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растады.

"Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, қамауға алынды", - деді полиция.

Ведомство мәліметінше, қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу құпиясына байланысты өзге ақпарат жарияланбады.