Freedom Inside '26

Түркістан облысы егіздер саны бойынша көш бастады

Түркістан облысы егіздер саны бойынша көш бастады
ЖИ: Dalanews

Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы төрт айында 2 мыңға жуық егіз және 54 үшем дүниеге келді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қаңтар-сәуір айларында елімізде шамамен 2 мың егіз сәби өмірге келген. Ал үшемдердің саны 54 болса, төртемдердің тууы бұл кезеңде тіркелмеген.

Егіздердің ең көп туған өңірі – Түркістан облысы. Мұнда 263 егіз дүниеге келген. Екінші орында Алматы қаласы (245 жағдай), үшінші орында Алматы облысы тұр. Бұл өңірде 175 егіз туған.

Үшемдердің саны бойынша Түркістан және Атырау облыстары мен Шымкент қаласы көш бастап отыр. Өңірлердің әрқайсысында үш үшемнен дүниеге келген. Бұл – әр өңірде тоғыз нәрестеден туғанын білдіреді.

Жалпы, 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда 99,4 мың бала дүниеге келген.

Туу көрсеткіші ең жоғары өңірлер қатарында Түркістан облысы алда тұр – 1000 тұрғынға шаққанда 19,75 бала. Одан кейін Шымкент қаласы (19,39) және Маңғыстау облысы (19,28) орналасқан.