Түркістан облысының прокуратурасы SCAT әуе компаниясынан мемлекетке тиесілі жерді қайтарып алды

Қаракөз Амантай 13 нау. 2024 11:10 9617

Түркістан облысында SCAT әуе компаниясы ұзақ мерзімге жалға алған 4400 гектар аумақты құрайтын аңшылық алқап мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Прокуратура 2019 жылы 13 желтоқсанда облыс әкімдігі аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жерді беру туралы қаулы шығарғанын анықтады. Оның негізінде Табиғи ресурстар басқармасы мен "SCAT Airlines" АҚ арасында 4400 гектар аңшылық алқапты 20 жылға жалға беру шарты жасалған. Келісімге сәйкес, жалға алушы салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жер телімінің ақысын жедел төлеуге міндеттелді.

"Алайда келісім жасалғаннан бері "SCAT" әуе компаниясы жер телімін пайдаланғаны үшін бюджетке салық төлемін жүргізбеген", - деп хабарлады Түркістан облысының прокуратурасы.

Прокурордың жауабы негізінде келісімшарт бұзылып, жер мемлекет меншігіне қайтарылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар