Түркістан облысындағы «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы суды 2 есе үнемдеп, өнімділікті 3 есеге арттырған

Dalanews 27 мау. 2023 12:12 819

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 1 трлн теңгеден асқанын бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz..

Әкімнің айтуынша, өңірде экономиканың маңызды саласының бірі ауыл шаруашылығында өнім көлемі 5 жылда 2 есе артып, алғаш рет 1 трлн теңгеден асты (2018 ж. 544,3 млрд теңге). Агроөнеркәсіп кешеніне жалпы 336 млрд. теңге инвестиция тартылған.

Салада жаңа технологиялар кеңінен қолдануда. Қарқынды бау көлемі биыл 5405 гектарға жеткізіледі. Нәтижесінде өнімділік 5 есеге артып, 300-350 центнерге дейін өнім жиналады.

Су үнемдеу технологиясы 28 763 гектарға, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы 9303 гектарға ендірілді. Аталған тәсіл, ағын суды 2 есе үнемдеуге, өнімділікті 3 есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді.


Бүгінде республикадағы жылыжайлардың 71% облысқа тиесілі. Жалпы көлемі 1511 гектарға жетті. Өткен жылы 91 мың тонна өнім жиналған.

2027 жылға дейін 500 гектарға жаңа жылыжай салу жоспарлануда.

Егістікті әртараптандырудың нәтижесінде 3 млн тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналды.

Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында биыл 60 жобаны іске асыру жоспарланса (құны 54 млрд теңге, 1 318 жұмыс орны), бүгінгі таңға 16-сы іске қосылған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар