Түркістан облысында сотталғандар шу шығарған

Сағыныш Сардарова 21 қыр. 2024 12:35 4854

Түркістан облысында сотталғандар шу шығарған, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Түркістан облысы ҚАЖД баспасөз қызметі мәліметінше, түзеу мекемесіндегі кейбір тұтқындар қамауда ұстау режимімен келіспеуіне байланысты дау туындаған.

20 қыркүйекте кешке сотталғандар электр трансформаторын өртеп жіберген. Тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның екі әскери қызметкері мен бір полиция қызметкері жеңіл жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілген.

Қазір бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 428-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды (Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау, Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастыру, сол сияқты күш қолданумен немесе өзіне қандай да бір қасақана зиян келтірумен ұштасқан не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан топтасып бағынбауға қатысу).


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар