Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген

Dalanews 03 нау. 2021 16:19 883

Түркістан облысы аумағында былтыр 16 заңсыз құрылыс нысандары сүрілген. Оның ішінде, 6 нысан сот шешімдерімен, 10 нысан түсіндірме жұмыстары арқылы меншік иелерінің өз еркімен бұзылған. Мұны облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Тарту Байтұрсынов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Өңір көлемінде былтыр 715 жоба бойынша нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған. Оның ішінде 356 нысанның құрылысы бюджет қаражаты есебінен, 348 нысанның құрылысы жеке кәсіпкерлік қаражаты есебінен және 11 жоба инвестициялық қаржы есебінен салынуда.

Сондай-ақ, басқармада 2020 жылы заң талаптарын сақтамай салынған 84 құрылыс нысандарына тексеру жүргізіліп, анықталған заң бұзушылықтар негізінде ҚР-ның ӘҚБтК-нің баптарына сәйкес 153 хаттамамен шара көрілген, – деді Тарту Орынтайұлы.


Баспасөз мәслихатында мәлім болғандай заң талаптары сақталмаған үшін жалпы салынған айыппұл көлемі 28 935 945 теңгені құрайды. Негізінен, басқарма тарапынан 5 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Бұл қызметтер 2019 жылдан бастап 100 пайызға электронды түрде көрсетілуде. Былтыр құрылыс саласында лицензия алуға, қайта тіркеуге, аттестат алуға қатысты барлығы 1096-өтініш қабылданған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар