Бүгін қай өңірлерде күн бұзылатыны белгілі болды. "ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.
20 қазанда Ақмола, Абай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар, кей жерлерде тек қар жауады. Осыған байланысты көктайғақ болуы мүмкін.
"Жүргізушілерден жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райын ескеруді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", - деп жазылған хабарламада.