«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Түркістан облыстық филиалы мен Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, жолаушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында қардан тазалау және инертті материалдарды себу жұмыстары жалғасып жатыр.
Оған арнайы техникалар тартылған. Атап айтсақ, 33 жол тазалайтын көлік, 7 автогрейдер, 18 трактор жұмылдырылған.
«Құрметті көлік жүргізушілері! Мүмкіндігінше алыс сапарға шықпауларыңызды өтінеміз. Аса қажет болған жағдайда жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларыңызды және автокөлікпен тек қысқы шинамен шығуларыңызды сұраймыз!» дейді мамандар.
Қар құрсауында қалып қойған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріне хабарласу қажет.