Түркістан іргесіндегі Ескі Иқан ауылында сүт өңдеу ісі дамып келеді

Dalanews 02 жел. 2018 04:58 852

Түркістан қаласында жанындағы Ескі Иқанда да сүт өндірісі тәп-тәуір жолға қойылып келеді. Қазір мұндағы сүт өңдейтін цех үздіксіз жұмыс істеуде.

«Тұран» шаруа қожалығына тиесілі. Іске қосылғанына 3 жыл болған. Сүт өнімдерінің барлық түрін шығарады. Сары май мен ірімшік өндірісіне мемлекет қолдау көрсетіп отыр. Ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы жүзеге асатын, ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізуге қатысты бағдарлама бар, соған орай «Тұран» да ұнтақ шығаратын желіні қалыптастырып жатыр. 43 миллион теңгенің грантын жеңіп алды. Цех 10 литр сүттен 1 келі ұнтақ шығарады. Жаздыгүні сүт көп кезде ұнтақ әзірлеуге жұмыс істейді. Ұнтағының келісі 1200 теңге екен.

Бұған қоса Ескі Иқан ауылдық округінде жылына 1200 тонна сүт өңдейтін цехты биыл іске қосылды.

Балмұздақ шығаратын кәсіпорнымыз да бар. 6 ай жұмыс істейді. Сәуір айынан қазан айына дейін. Жылына 300 тонна балмұздақ өндіреді. Кәсіпорын басшысы цехтың екінші желісін іске қосып, балмұздақтан бөлек сүт, айран, йогурт өнімдеруге ықылас танытуда. Осыған орай қазір қаржы институттарымен жұмыс істеуде.

Түркістандық шаруалар өнімдерін шикізат күйінде сата бермей, қайта өңдейтін кәсіпорындарды көбейтуге күш салуда. Себебі шикізатты неғұрлым қайта өңдеген сайын оның бағасы жоғары болып, талай адам жұмыспен қамтылады.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар