Түркістан. 10 команда өзара мықтыны анықтады

Dalanews 18 қаз. 2021 08:05 985

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай және облыс әкімі Ө.Шөкеевтің аймақтарда футбол спортын дамыту тапсырмасына сәйкес, 2007-2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында футболдан Түлкібас ауданы әкімінің кубогіне арналған жарыс өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» атты ұранмен екі күнге созылған жарысқа көршілес Сайрам, Ордабасы, Төлеби және жергілікті жас былғары доп шеберлері қатысуда. Жалпы 10 команда өзара мықтыны анықтады. Жарыс нәтижесі бойынша І-орынды Састөбе ауылдарының жөсөспірімдерінен құралған команда иеленсе, ІІ-орынды Төлеби ауданының құрамасы, ал ІІІ-орын Майтөбе ауылының №4 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің оқушыларына бұйырды.

Салтанатты шараның ашылуына Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары А.Бердашев, аудан әкім Н.Байғұт және спорт саласының ардагерлері қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, мерекелік шарада көп жылдан аудан көлемінде футболдың дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген С.Мамыровты зейнеттік жасқа жетуімен құттықтау рәсімі өтті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар