Түркияның Анталья қаласында 15 маусым күні болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 18 жастағы Қазақстан азаматы көз жұмды. Бұл туралы марқұмның туыстары мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.
Олардың айтуынша, бойжеткен Антальядағы қонақүйлердің бірінде өндірістік тәжірибеден өтіп, аниматор болып жұмыс істеген. Оқиға болған түні оның асқазаны қатты ауырып, танысы ауруханаға алып бара жатқан кезде жол апатына ұшыраған.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Антальядағы Бас консулдық марқұмның отбасына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсеткенін хабарлады. Атап айтқанда, құжаттарды рәсімдеуге және мәйітті Қазақстанға жеткізуге қолдау көрсетілген.
Сондай-ақ ведомство қыздың қаза болуына қатысты мән-жай Бас консулдықтың бақылауында екенін, қазіргі уақытта Түркияның құзырлы органдарымен өзара іс-қимыл жалғасып жатқанын мәлімдеді.