Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның НАТО-ның соңғы саммиті кезінде альянсқа мүше елдердің басшыларына сыйлаған тапаншасы халықаралық деңгейде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Кейбір еуропалық көшбасшылар өз елдеріндегі қару-жараққа қатысты қатаң заңнаманың салдарынан бұл сыйлықты ел аумағына кіргізуде қиындықтарға тап болған. АҚШ президенті Дональд Трамп Ердоғаннан алған сыйлығын көпшілікке көрсетіп, жағдайға ирониямен пікір білдірді.
«Менің досым Ердоған маған мына керемет тапаншаны сыйлады. Өте әдемі екен, солай емес пе, Питер?», - дейді Трамп.
Осыдан кейін ол еуропалық әріптестеріне әзіл аралас пікір айтты.
«Кейбір еуропалық көшбасшылар оны өз елдеріне де кіргізе алмапты. Бұған сенесіздер ме? Мүмкін, оларға су атқыш тапанша сыйлау керек болған шығар. Бірақ онда олар Еуропаны қалай қорғамақ?»
Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары да бұл оқиғаны мысқылмен сипаттап, хаттамалық сыйлықтың күтпеген жерден Еуропадағы қауіпсіздік талаптары мен қару айналымына қатысты заңнаманы сынайтын жағдайға айналғанын жазды.