Түркия азаматы Алматыда 1 миллиард теңгеден аса алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Түркия азаматы Алматыда 1 миллиард теңгеден аса алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
gov.kz

Түркия азаматы Алматыда 1 миллиард теңгеден аса алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

Тергеу дерегіне сүйенсек, күдікті өзіне тиесілі компаниялар арқылы тауар мен қызметті нақты көрсетпей, жалған шот-фактуралар рәсімдеп отырған. Заңсыз табысқа ол Астанадан коммерциялық нысан сатып алып, кейін оны жалға берген.

Бірінші сатыдағы сот амнистияны ескеріп, оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Алайда бастапқыда мүлікті тәркілеу мәселесі қаралмаған.

Кейін жоғары тұрған сот коммерциялық нысан мен одан түскен жалдау кірісін мемлекет пайдасына тәркілеу туралы шешім шығарды.